Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровқа Ресейде терроризм бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оған тыйым салынған контентті жоюдан бас тартты деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Ресейлік басылымдардың жазуынша, Дуровтың үстінен қозғалған іске оның Telegram желісіндегі есірткі саудасы, суицидке шақыру және экстремизмді насихаттайтын мыңдаған арна мен чатты бұғаттамауы себеп болған.
Бұған дейін Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі (ФҚҚ) 2022 жылдан бері елде жасалған 153 мың қылмысқа, соның ішінде террористік әрекеттерге Telegram мессенджерінің қатысы барын мәлімдеген еді.
Егер Павел Дуровтың кінәсі дәлелденсе, ол осы бап бойынша сегіз жылдан бастап өмір бойына дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Фото: Әлеуметтік желіден
