Қасиетті Рамазан айының басталуына орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына бірқатар шет мемлекет пен халықаралық ұйым басшыларынан құттықтаулар келіп жатыр, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысын Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті Мұхаммед бен Зайд Әл Нахаян, Дубай әмірлігінің билеушісі, шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум және БАӘ вице-президенті, Премьер-министрінің орынбасары Мансұр бен Заид Әл Нахаян құттықтады.
Сондай-ақ өздерінің ізгі тілектерін Марокко Королі VI Мұхаммед, Иран Президенті Масуд Пезешкиан, Мысыр Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сиси, Кувейт Әмірі шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабах және Палестина Президенті Махмұд Аббас жолдады.
Ақорданың хабарлауынша, құттықтау жеделхаттары әлі де келіп түсуде.
