Баласына екпе салдырмаған ата-аналар енді өтемақы төлей ме?

Қазақстанда балаларына вакцина салдырудан бас тартқан ата-аналардан өтемақы өндіріп алу мүмкіндігі қарастырылып жатыр, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Сархат Бейсенова мәлімдеді.

«Қазіргі таңда екпеден бас тартқандардан материалдық немесе моральдық залалды өндіріп алудың нормативтік-құқықтық базасы жоқ. Алайда министрлік бұл мәселені шешудің түрлі жолдарын зерттеп жатыр», – деді ведомство өкілі.

Елімізде қызылша жұқтырғандардың басым бөлігі – екпе салдырмаған балалар. Олардың үлесі жалпы науқастардың 80 пайызына жеткен.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика