Трамп әкімшілігінің өкілі Тоқаевқа келді: Қазақстанға қандай ұсыныс жасалды?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Халықаралық дамуды қаржыландыру корпорациясының (DFC) атқарушы директоры Бен Блэкті қабылдады. Кездесуде екі ел арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту және бірлескен жаңа жобаларды іске асыру мәселелері қаралды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы аталған корпорацияны Қазақстанның орнықты дамуы үшін маңызды серіктес санайтынын айтып, экономиканың түрлі салаларындағы ықпалдастықты тереңдетуге дайын екенін жеткізді.

Өз кезегінде Бен Блэк АҚШ президенті Дональд Трамптың сәлемін жолдап, оның әкімшілігі Қазақстанмен арадағы байланысты нығайтуға ерекше мән беретінін атап өтті.

«АҚШ президенті Дональд Трамп пен оның әкімшілігі Қазақстанмен тығыз әрі өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуды басты назарда ұстайды», – деді Бен Блэк.

Корпорация басшысының айтуынша, екі ел үшін әсіресе тау-кен өндірісі мен көлік-транзит инфрақұрылымы салаларында бірлескен жобаларды іске асырудың мүмкіндігі мол. Ол бұл салалардың аймақтық және өңіраралық сауданы дамытуда стратегиялық маңызы зор екенін қосты.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика