Таразда автобус аялдамасында тұрған мектеп оқушысын ұрламақ болған екі ер адам ұсталды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.
Оқиға көшедегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Видеодан аялдама алдына тоқтаған көліктен екі ер адамның шыққаны бейнеленген. Олар 13 жастағы қызды күшпен көлікке кіргізбек болады. Кейін басқа бір ер адам қызға араша түседі. Осылайша күдіктілер оқиға орнынан кетіп қалады.
Жамбыл облыстық полиция департаменті оқиға бойынша екі ер адам қолға түскенін хабарлады. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті.
