Ақтөбедегі жаңа тұрғын үйде ақау шықты: тұрғындар сапасына алаңдаулы

Фото: видеодан скрин

Ақтөбе қаласының Алтын Орда шағын ауданындағы 56Е мекенжайында салынып жатқан жаңа тұрғын үйлердің сапасына қатысты тұрғындар дабыл қағуда. Олардың айтуынша, әлі толық пайдалануға берілмеген баспаналардың өзінде қабырғалар жарылып, түрлі құрылыс ақаулары байқала бастаған. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада төбе мен қабырға түйіскен тұстардың ажырап, сызат түскені анық көрінеді. Бұл жағдай жаңа пәтерге үміт артқан тұрғындардың алаңдаушылығын күшейтті.

Тұрғындар құрылыс материалдарының сапасы мен мердігер компанияның жұмысына күмән келтіріп, тиісті органдардан тексеріс жүргізуді талап етіп отыр. Сонымен қатар, олар қала әкімдігі тарапынан мұндай олқылықтардың алдын алуға бақылау әлсіз деген сын айтуда.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика