Астанада екі кішкентай бала пәтердің ішінде қамалып, анасы далада қалып қойған. Құтқарушылар 7-қабаттағы пәтерге арқанмен түсіп, сәбилерді анасына аман-есен тапсырды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Оқиға елорданың Сұлтан Бейбарыс көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болған. Анасы кіреберіске сәл уақытқа шыққанда, үйде қалған сәбилер есікті ішінен іліп алған.
Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері шақырту орнына шұғыл жетті. Альпинистік құрал-жабдықтарды қолданған құтқарушы жоғарғы қабаттан арқанмен түсіп, 7-қабаттағы пәтердің терезесінен ішке кірген.
Пәтерде 2022 және 2024 жылы туған екі бүлдіршін болған. Құтқарушылар есікті ашқаннан кейін балаларды анасына аман-есен табыстады.
Фото: Әлеуметтік желіден
