Шаңғы спортында жаңа патша: Клебо Олимпиада рекордын жаңартты

Норвегиялық шаңғышы Йоханнес Клебо қысқы Олимпиада ойындарының тарихындағы ең көп алтын медаль алған спортшы атанып, жаңа рекорд орнатты, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

29 жастағы спортшы Милан-Кортина-2026 Олимпиадасында шаңғы жарысының төрт түрінде де жеңімпаз атанып, өзінің тоғызыншы Олимпиада алтынын иеленді. Бұл – оның спорттық мансабындағы ең ірі жетістіктердің бірі.

Бұған дейін Клебо 2018 жылы Пхенчханда өткен Олимпиадада үш алтын, ал 2022 жылы Бейжіңдегі ойындарда екі алтын медаль жеңіп алған болатын.

Осылайша, ол тоғыз алтын медальмен қысқы ойындар тарихындағы норвегиялық аты аңызға айналған спортшылар Уле-Эйнар Бьорндален мен Марит Бьоргеннен (екеуінде де 8 алтыннан) озып кетті.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика