Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия президенті Александр Вучичті және барша серб халқын ұлттық мерекесі – Мемлекеттілік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Президенттің Ақордада жарияланған құттықтау жеделхатында бұл мерекенің серб халқы үшін маңызы зор екені атап өтілген.
«Бұл айтулы мереке серб халқының бірлігін, ұлттық бірегейлікке, егемендікке және ілгері дамуға деген мызғымас ұмтылысын білдіреді. Қазақстан Сербиямен арадағы шынайы достық пен ортақ мүддеге негізделген берік қарым-қатынасты жоғары бағалайды», – делінген жеделхатта.
Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичтің жауапты қызметіне толағай табыс, ал достас Сербия халқына бақ-береке мен өсіп-өркендеу тіледі.
Фото: Әлеуметтік желіден
