Қостанай облысы әкімінің орынбасары Гүлбарам Мұсағазина ұсталды. Бұл ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитеті ресми түрде растады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
ҰҚК таратқан мәліметке сәйкес, қазіргі уақытта шенеунікке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейтіні хабарланды.
Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында Гүлбарам Мұсағазинаның есімі өңірдің денсаулық сақтау саласындағы шулы жемқорлық ісімен байланыстырылған еді. Ол облыс әкімдігінде әлеуметтік салаға жетекшілік еткені белгілі.
Фото: Әлеуметтік желіден
