Ақордада маңызды кездесу: Трамп Тоқаевқа жеке сәлемін жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джули Стаффтты қабылдап, екіжақты ынтымақтастықтың маңызды мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Президент Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды одан әрі нығайтудың, сонымен қатар жоғары деңгейде бекітілген келісімдерді сапалы жүзеге асырудың маңызына тоқталды.

Өз кезегінде Джули Стаффт АҚШ президенті Дональд Трамптың ризашылығы мен ізгі тілегін жеткізді. Елші Американың Қазақстанмен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті жан-жақты дамытуға мүдделі екенін мәлімдеді.

«Біз еліңізде жүргізіліп жатқан саяси реформаларға оң баға береміз және жаңа Конституция жобасы бойынша өтетін жалпыхалықтық референдумның табысты өтуіне тілектеспіз», – деді елші.

Кездесу барысында Бейбітшілік кеңесі аясындағы қарым-қатынас перспективасы да талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл құрылым тұрақтылықты нығайтып, халықаралық диалогты ілгерілететін тиімді алаңға айналуы керегін айтты.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика