ҰБТ бейнежазбасы тексерілді: Екі түлек сертификатынан айырылып қалды

Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде ереже бұзған оқушылардың нәтижелері жойылып жатыр. Емтиханнан кейінгі бейнежазбаларды тексеру барысында тағы екі талапкердің сертификаты күшін жойды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Тестілеу кезінде смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өтпек болған 198 талапкер емтиханға кіргізілмеді. Ал ережені бұзғаны үшін 120 оқушы аудиториядан шығарылып, олардың да нәтижелері жойылды.

«Талапкерлер емтихан аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде тест тапсырмаларының мазмұны бойынша апелляцияға бере алады. Бұл жолы 19 мыңға жуық өтініш қабылданып, оның ішінде екі бірегей тест тапсырмасы бойынша шағым қанағаттандырылды. Республикалық комиссия жұмысын аяқтады, талапкерлер сертификаттарын жеке кабинетінен жүктей алады», — деп мәлімдеді министрлік.

ҰБТ аяқталғаннан кейін ұйымдастырушылар бейнежазбаларға талдау жүргізеді. Бұл процесс 31 қазанға дейін жалғасады. Егер мамандар тыйым салынған заттарды пайдалану немесе басқа да ереже бұзу дерегін анықтаса, ол түлектің де тест нәтижесі жойылады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика