Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Астана 2027 жылы UEFA Конгресін қабылдайды

    Астана 2027 жылы UEFA Конгресін қабылдайды

    Фото: UEFA

    Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы ресми түрде хабарлады. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Аталған шешім Брюссель қаласында өткен UEFA-ның 50 жылдығына арналған мерейтойлық Конгресі барысында жарияланды. Іс-шараға Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Давид Лория қатысты.

    UEFA Конгресі – ұйымның ең жоғары басқарушы алаңы саналады. Жыл сайын өтетін жиынға Еуропаның 55 ұлттық футбол қауымдастығының өкілдері қатысады. Конгресс аясында еуропалық футболдың стратегиялық бағыттары айқындалып, қаржылық және ұйымдастырушылық шешімдер қабылданады. Сонымен қатар халықаралық турнирлерді өткізу мәселелері қаралып, UEFA-ның жетекші органдары сайланады.

    51-ші Конгрестің Астана қаласында өтуі Қазақстанның халықаралық спорттық беделін нығайтып, ел футболының институционалдық дамуына серпін бермек.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →