«Әнмен жеткізгім келді»: Димаш Құдайберген жаңа туындысын жарыққа шығарды

Фото: dimashnews.com

Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген 11 ақпанда өзінің YouTube-арнасында «Ғашықтық» атты жаңа композициясының тұсауын кесті. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

Клип минимализм стилінде түсірілген.

«Қымбатты достар! Сіздерге деген шексіз махаббатым мен ризашылығымды сөзбен емес, ән арқылы жеткізгім келеді», – деп жазды Димаш Instagram парақшасында.

Ол продюсерлік жобасы – «Voice Beyond Horizon»-қа көрсетілген қолдау үшін ерекше алғыс білдіретіндігін атап өтті.

«12 ақпанда Hunan TV арнасында біздің «Voice Beyond Horizon» шоуының екінші бөлімі көрсетіледі. Алғашқы бөлімі менің YouTube-арнамда жарияланған. Елімізде амандық пен береке болсын! Баршаңызды құшақтаймын!», – деп үндеуін қорытындылады әнші.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика