Air Astana ұшқышы ауырып, 2 миллион теңге төлейтін болды: Сот шешімі

Алматы соты «Air Astana» әуекомпаниясын ұшақ кешіктіргені үшін шоумен мен диджейге 2,3 миллион теңгеден астам өтемақы төлеуге міндеттеді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Оқиға былай болған: шоумен Артем Примак пен диджей Ян Пинчук Грузиядан Астанаға арнайы іс-шара өткізу үшін ұшып келуі керек еді. Алайда рейс бір тәулікке кешігіп, олар елордадағы мейрамханада жоспарланған кешке қатыса алмаған.

Салдарынан іс-шараны ұйымдастырушы компания келісімшарт талаптарын бұзғаны үшін екеуін сотқа берген. Нәтижесінде олардың әрқайсысы бір миллион теңгеден сәл асатын соманы төлеп, татуласу келісіміне келген.

Осыдан кейін Примак пен Пинчук өз шығындарын өндіріп алу үшін «Air Astana» компаниясының үстінен шағым түсірді. Алматының Түрксіб аудандық соты істі қарап, рейстің ұшқыштың сырқаттанып қалуына байланысты кешіккенін анықтады. Сот мұндай жағдайды форс-мажор деп санамай, оған толықтай әуе тасымалдаушы жауапты деп тапты.

Сот шешімімен, «Air Astana» әрқайсысына келтірілген 1 165 824 теңге мүліктік шығынды толық өтеп, қосымша рейс кешіккені үшін 100 мың теңгеге жуық айыппұл және мемлекеттік баж салығын төлеуге міндеттелді.

Бұл сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Фото: Informburo

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика