Фото: Olympic.kz
Италияда өтіп жатқан ХХV қысқы Олимпиада ойындарында тағы бір ерекше оқиға тіркелді. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.
Австриялық 52 жастағы сноубордшы Клаудия Риглер параллельді гигант слалом сайысының финалына жолдаманы қанжығасына байлады.
Тәжірибелі спортшы әуелі іріктеу кезеңдерінен сүрінбей өтіп, кейін плей-офф бәсекелерінде де жоғары деңгейде өнер көрсетті. Нәтижесінде 1 минут 35,43 секунд көрсеткішімен 16-орынға тұрақтап, Олимпиаданың 1/8 финалына жолдама жеңіп алды.
Айта кетейік, Клаудия Риглер 2015 жылы 45 жасында Крайшбергте өткен әлем чемпионатында топ жарған. Сондай-ақ оның еншісінде әлем чемпионаттарының күміс және қола жүлделері бар.
