10 ақпан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтеді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Бұл жиында еліміздің 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары талқыланып, Үкіметтің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері нақтыланады.
Әдетте мұндай кеңейтілген форматтағы отырыстарға Үкімет мүшелерінен бөлек, өңір әкімдері, ұлттық компаниялардың басшылары және басқа да жауапты тұлғалар қатысады. Сондықтан бұл жиынның маңызы зор.
Сарапшылардың болжамынша, Президент Үкіметтің өткен жылғы жұмысына қатаң баға беріп, халықты толғандырған мәселелерді шешу бойынша нақты тапсырмалар жүктеуі мүмкін.
Фото: Ақорда
