Милан-2026: 8 ақпанда кімдерге жанкүйер боламыз? Спортшылардың толық тізімі

Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін XXV қысқы Олимпиада ойындарында 8 ақпанда қазақстандық спортшылар жарыс жолына шығады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Бұл күні Қазақстан құрамасы спорттың екі түрінен: скиатлон және биатлоннан бақ сынайды. Жанкүйерлер отандастарымыздың өнерін «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінен тамашалай алады.

8 ақпанға арналған жарыс кестесі (Астана уақытымен):

16:30. Шаңғы жарысы, скиатлон. Еліміздің намысын Амирғали Мұратбеков, Виталий Пухкало және Наиль Башмаков қорғайды.

18:00. Биатлон, аралас эстафета 4х6 км, финал. Бұл сында Әсет Дүйсенов, Владислав Киреев, Айша Рақышева және Милана Геневадан құралған командамыз жүлдеге таласады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика