Александр Бублик Дэвис кубогында қарсыласын айқын басымдылықпен ұтты

Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Астана қаласында Beeline Arena ұлттық теннис орталығында Дэвис кубогы Бірінші әлемдік тобы аясында Қазақстан мен Монако арасында плей-офф матчы басталды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

Дода беташарын Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Александр Бублик пен Уго Нис ашты.

Бастапқы сетте Бублик қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады — 6:0.Александр екінші сетте де 2:0 есебімен алға кетті. Ақыры ойынды тағы бір брейкпен түйіндеді — 6:3.
Осылайша, Монакомен матчта Қазақстан құрамасы алға шықты — 1:0.

Бүгін сондай-ақ Александр Шевченко мен монаколық Валантен Вашро кортқа шығады.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика