Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы күрт нашарлайды, Төтенше жағдайлар министрлігі бірнеше өңір үшін дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Министрліктің хабарлауынша, республиканың көптеген аумағында ауа температурасы күрт төмендейді. ТЖМ сарапшылары суық леп елдің барлық дерлік аймағын қамтитынын болжайды.
Сонымен қатар, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысы мен шығысында екпіні секундына 28 метрге дейін жететін қатты жел соғады. Құтқарушылар тұрғындарды абай болуға және қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.
Фото: Әлеуметтік желіден
