Туған күн қайғымен аяқталды: Алматы облысында бір отбасы түгел көз жұмды

Алматы облысының Райымбек ауданында тұтас бір отбасы улы газдан уланып, мерт болды. Қайғылы оқиға салдарынан төрт адам, оның ішінде бір жарым жасар сәби де көз жұмды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Оқиға Сарыбастау ауылында болған. Марқұмдардың денесі араға екі күн салып, үйлерінен табылған. Қаза тапқандар – 1955 және 1974 жылы туған екі ер адам, 1984 жылы туған әйел және небәрі бір жарым жастағы сәби.

Ауыл тұрғындарының бірі оқиғаның ықтимал себебін айтты. Оның сөзінше, қайғылы оқиға болар күні отбасы мүшелерінің бірі туған күнін атап өткен болуы мүмкін.

«31 қаңтарда олардың бірінің туған күні болған екен. Сол кеште дымқыл көмір жағып, пеш дұрыс жанбаған секілді. Салдарынан үй ішін улы газ бен түтін басқан болуы мүмкін. Олардың денесін тапқан кезде үйден қатты түтін иісі шығып тұрды», – дейді Сарыбастау тұрғыны Ерқанат Ақылдосов.

Ресми органдар оқиғаның нақты себебін анықтап жатыр.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика