АҚШ әскери-теңіз күштері Арабия теңізіндегі «Abraham Lincoln» авиатасымалдаушысына жақындаған Иранның «Shahed-139» дронын атып түсірді. Америкалық тарап ұшқышсыз ұшақтың әрекетін тікелей қауіп деп бағалаған, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
АҚШ-тың әскери қолбасшылығы дронның бағытын қауіпті деп тауып, оны жою туралы шұғыл шешім қабылдаған. Ресми мәлімет бойынша, бұл оқиғадан АҚШ Әскери-теңіз күштерінің мүлкіне немесе жеке құрамына ешқандай зақым келмеген.
Бұл қақтығыс Иранның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздерді қайта жандандыруға бағытталған дипломатиялық әрекеттердің нәзік кезеңінде болып отыр. Сарапшылар мұндай шиеленістердің тараптар арасындағы диалогқа кедергі келтіруі мүмкін екенін айтады.
Фото: Әлеуметтік желіден
