Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанға мемлекеттік сапармен барды. Қазақстан Президентінің борты Пәкістан әуе кеңістігіне кірген сәттен бастап, оны әскери-әуе күштерінің жойғыш ұшақтары құрметпен алып жүрді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Бұл – екі ел арасындағы жоғары деңгейдегі сенім мен серіктестіктің белгісі. Әуе кеңістігінде жойғыш ұшақтармен сүйемелдеу – мемлекеттік сапарлар кезінде көрсетілетін ерекше құрмет болып саналады.
Сапар барысында екі ел басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылайды деп күтілуде. Пәкістан тарапының мұндай жоғары деңгейдегі құрмет көрсетуі екіжақты қарым-қатынастың стратегиялық маңызын айқындайды.
Фото: Әлеуметтік желіден
