Талдықорған қаласында үш жасар қыз бала ауыр хәлде ауруханаға түсті. Бала облыстық балалар ауруханасына шұғыл түрде жеткізіліп, қазір жансақтау және қарқынды терапия бөлімінде жатыр. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.
Медициналық мекеменің мәліметінше, кішкентай науқас 2 ақпан күні кешкі уақытта қабылдау бөліміне түскен. Оны хирург, травматолог және реаниматолог тексеріп, жағдайының ауырлығына байланысты бірден реанимацияға ауыстырған. Дәрігерлер баланың хәлі әлі де ауыр екенін айтады.
Алдын ала анықталған ақпаратқа сәйкес, қыз баланы мас күйдегі әкесі соққыға жыққан. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Жаркент қаласында ананың кішкентай ұлын батареяға байлап, аяусыз ұрғаны туралы дерек те қоғамның жағасын ұстатқан еді.
Видео: instagram — Halyk_zhurnalist.kz
