Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады

    «Қорғас» екі аптаға жабылады: Себебі тек Қытайдағы мерекеде ғана емес

    «Қорғас» халықаралық орталығы 16 ақпан мен 1 наурыз аралығында жұмысын тоқтатады. Бұған Қытайдағы мереке мен жөндеу жұмыстары себеп болды.

    «Қорғас» екі аптаға жабылады: Себебі тек Қытайдағы мерекеде ғана емес
    file_358.jpg

    «Қорғас» шекаралас ынтымақтастық халықаралық орталығы 16 ақпаннан 1 наурызға дейін жұмысын уақытша тоқтатады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Орталық әкімшілігінің хабарлауынша, бұл кезеңде Қытай Халық Республикасында Көктем мерекесі (Ай күнтізбесі бойынша жаңа жыл) аталып өтеді. Осыған байланысты қытайлық тарап жұмыс істемейді.

    Орталық жабық тұрған уақытта қазақстандық бөлікте туристерге арналған жайлылық деңгейін арттыру үшін жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. «Қорғас» орталығы 2 наурыздан бастап қалыпты жұмыс режиміне оралады.

    Сондай-ақ Қытайдағы мерекеге байланысты 16-18 ақпан аралығында қазақ-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу бекеттері де жұмыс істемейді. Бұл күндері адамдарды, көліктер мен жүктерді өткізу тоқтатылады. Алайда теміржол бекеттері қалыпты режимде жұмысын жалғастыра береді.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →