Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды

    Apple алдағы жылы «бүктелетін» iPhone шығарады

    Apple алдағы жылы «бүктелетін» iPhone шығарады

    Фото: mediatrend.mediamarkt.com.tr
    Apple компаниясы квадрат пішінді «бүктелетін» iPhone шығару жоспарын қарастыруда. Бұл туралы Bloomberg-тің журналисті Марк Гурман жазды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    урманның Power On бюллетенінде айтылатыны бойынша, жаңа гаджет әлі тек талқылау сатысында тұр және өндірісі нақты бекітілген жоқ. Дегенмен, компания алғашқы «бүктелетін» iPhone сәтті шықса, бұл осы санаттағы құрылғыларға сұранысты арттырып, басқа өлшемдер мен форм-фактордағы модельдерді дамытуға жол ашуы мүмкін деп үміттенеді.

    Бұған дейін Apple бірнеше «бүктелетін» прототип жасап көргенімен, алғашқы модель ретінде планшет тәрізді құрылғы таңдалған. Енді бұл идея қайта қаралып жатыр. Айта кетсек, алғашқы «бүктелетін» iPhone-ның релизі 2026 жылдың күзінде жоспарланған. Күтілгеніндей, сыртқы дисплейі – 5,5 дюйм, ал ішкі дисплейі – 7,8 дюйм болады.

    Сондай-ақ Гурман Apple «кітап тәрізді» құрылғы нұсқасын да қарастырып жатқанын айтты. Бұған қоса, өткен жылы 18 дюймдік «бүктелетін» iPad шығарылуы мүмкін екендігі хабарланған, оның бағасы шамамен $3000 болуы ықтимал.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →