Таиландта мысықтарға арналған тауарлар мен қызметтер нарығы 11,8 миллиард долларға жетіп, үкімет бұл саланы экономиканың маңызды қозғаушы күші деп ресми түрде таныды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Бұл көрсеткіш (367,8 млрд бат) елде иттерге жұмсалатын шығыннан (7,2 млрд доллар) бір жарым есе көп болып отыр. Осыған байланысты Таиланд үкіметі бес жергілікті мысық тұқымын – сиам, супхалак, корат, конжа және кхао маниді ұлттық қазына мәртебесіне көтерді.
Сарапшылардың пікірінше, мегаполистердегі тұрғын үйлердің тарлығына байланысты тайландтықтар иттерге қарағанда, күтімі жеңіл әрі ықшам мысықтарды жиі таңдайды екен.
Енді билік бұл тұқымдардың бірегей генетикасын сақтап қана қоймай, мәдениет пен дәстүр арқылы «мысықтардың жұмсақ күшін» монетизациялауды белсенді түрде қолға алмақ.
Фото: Әлеуметтік желіден
