Нұрлан Заңғар қазақстандық теннистің тарихын жазып жатыр

Белгілі спорт блогері Даурен Жасталапов Заңғар Нұрланұлы туралы айтты.

«Біздің жас теннисшіміз — жасөспірімдер арасындағы Australian Open турнирінің жартылай финалына шыққан тұңғыш қазақстандық болып отыр!

Бұл — Заңғар Нұрланұлы. Ол әлемдік аренада қазақ теннисінің тарихын жазуда. Және бұл жай ғана жеңімпаз емес, бұл — нағыз мінез көрсеткен адам.

Ширек финалда бәріміз көргеніміздей, ол соңғы күші қалғанша, аяғы тартылып, қатты шаршаса да, соңына дейін ойнап, туымыз бен қазақ теннисі үшін жеңісті жұлып алды. Алда оны жартылай финалда өте қиын әрі мықты қарсылас күтіп тұр. Бірақ оның ешқашан берілмейтіні көрініп-ақ тұр.

Дәл осы адам болашақта біздің көк байрағымызды әлемдік теннис аренасында биікке көтереді. Бұл жігітке мұқият қарап, ең бастысы — қолдау көрсетіңіздер! Видеоны барынша таратыңыздар, өйткені бүкіл әлем қазақтың тарих жазып жатқанын білуі тиіс!»

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика