Тоқаев Рыбакинаның жеңісіне үн қатты: «Бүкіл әлем сүйсіне қарады»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Australian Open теннис турнирінің финалында жеңіске жеткен Елена Рыбакинаны құттықтады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Президенттің құттықтау жеделхаты Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

– Сізді спорттағы кезекті тамаша жетістігіңізбен – теннистен Австралия ашық чемпионатындағы керемет, айқын жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіз жеңіске деген ерік-жігеріңіз бен мінсіз шеберлігіңізді тағы да дәлелдедіңіз, бұған бүкіл әлемнің теннис қауымдастығы сүйсіне қарады. Алдағы уақытта да ең беделді турнирлерде жеңіске жете беруіңізге тілектеспін! – делінген құттықтауда.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика