Тоқаев волонтерлерге үндеу жасады: «Сіздер – озық ойлы қоғамның айнасысыздар»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтерлер форумында сөз сөйлеп, еліміздегі еріктілер қозғалысының маңызына тоқталды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Президент форумға еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жастарды «Қазақстанның нағыз отаншыл, жасампаз және қамқор жастары» деп атады. Ол өз сөзінде Қазақстанның ұсынысымен биылғы жыл Халықаралық еріктілер жылы болып жарияланғанын еске салды. Бұл бастаманы Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымының 75-ші сессиясында көтерген болатын.

«Ерікті болу – игі істер жасау, жақсылық істеп, басқаға үлгі көрсету, Отаныңа адал қызмет ету, туған жеріңе жанашыр болу деген сөз. Ниеті түзу, жаны таза адамдар осы жолды таңдайды, еріктілер қатарына қосылып, қажырлы еңбек етеді», — деді Мемлекет басшысы.

Сөзінің соңында Қасым-Жомарт Тоқаев еріктілердің қоғамдағы орнын ерекше бағалады.

«Еріктілерді озық ойлы қоғамның айнасы деп айтсақ, артық болмайды», — деп түйіндеді Президент.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика