Жас жүргізуші мерт болды: Алматыдағы жантүршігерлік жол апатының мән-жайы белгілі болды

Алматы облысындағы «Алматы – Винсовхоз – Чапай» тасжолында бір адамның өмірін қиған ірі жол апаты болды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Оқиғаға Chevrolet автокөлігінің жүргізушісі кінәлі деп танылып отыр. Ол рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен.

Салдарынан ол алдымен автобуспен бетпе-бет соқтығысып, кейін өзімен бағыттас келе жатқан Chery Tiggo көлігін жанай өткен.

Жеңіл көліктің жас жүргізушісі жедел жәрдем келгенше оқиға орнында көз жұмды. Жол апатынан зардап шеккен тағы үш адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын бастады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика