Астанадағы қара түтін: Ауадағы қауіпті заттардың мөлшері екі есе асып кеткен

28 қаңтарда Астана тұрғындары қаланы басқан қою түтінге шағымданды, «Қазгидромет» мамандары бұл күні ауада зиянды заттардың шекті мөлшерден асып кеткенін растады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Мекеме мәліметінше, бір күнде ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясынан (ШРК) асып кетуінің 31 жағдайы тіркелген.

Нақтырақ айтқанда, Мұңайтпасов көшесінде орналасқан №10 бекетте мынадай көрсеткіштер анықталды:

  • азот диоксиді бойынша – 5 жағдай (1,3 ШРК);
  • көміртек тотығы бойынша – 7 жағдай (1,3 ШРК);
  • PM10 ұсақ бөлшектері бойынша – 3 жағдай (1,2 ШРК);
  • PM2,5 ұсақ бөлшектері бойынша – 10 жағдай (2,2 ШРК).

Сонымен қатар Қабанбай батыр даңғылы, 53 мекенжайындағы №6 бекетте PM2,5 ұсақ бөлшектерінің мөлшерден асып кетуі алты рет тіркелген (1,3 ШРК).

«Сонымен бірге «Қазгидромет» мамандары бұл көрсеткіштер мемлекеттік органдарды хабардар етуді талап ететін жоғары деңгейге (10 ШРК және одан жоғары) жетпегенін атап өтті», — делінген хабарламада.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика