Tesla аты аңызға айналған көліктерінен бас тартып, Optimus роботтарын шығарады

Tesla компаниясы өзінің ең танымал Model S және Model X электромобильдерін шығаруды тоқтатады. Компания басшысы Илон Масктың айтуынша, олардың орнына зауыт Optimus гуманоид роботтарын құрастыруға көшеді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Илон Маск бұл шешімді Tesla-ның ең ескі екі моделін «құрметті демалысқа» шығару деп атады. Оның сөзінше, мұндай қадамға бару оңай болмаған, алайда компания ендігі басты назарды автономды технологиялар мен робототехника саласына аудармақ.

Tesla жылына 1 миллионға дейін Optimus роботын шығаруды жоспарлап отыр.

Еске салсақ, Model S электромобилі 2012 жылдан бері шығарылып келеді. Ал Model X моделі 2015 жылы таныстырылған болатын. Бұл екі модель де ұзақ уақыт бойы айтарлықтай өзгеріссіз шығарылып, тек соңғы жылдары ғана шамалы жаңартулар алған еді.

Флагмандық модельдер өндірістен алынғаннан кейін Tesla компаниясы Model 3, Model Y және Cybertruck көліктерін шығаруды жалғастыра береді.

Фото: x.com/Tesla

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика