Қазақстанда сұраныс жоғары, бірақ айлығы 200 мың теңгеден аспайтын мамандықтар аталды

2025 жылы Қазақстанның еңбек нарығында ең қажетті мамандар – медбике, санитар, тәрбиеші және жүргізушілер болады, алайда оларға ұсынылатын жалақы 200 мың теңгеден аспайды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, елімізде жұмыс іздеушілер саны бос жұмыс орындарынан әлдеқайда көп. Түйіндемелер саны вакансиялардан 125 мыңға артық болып шықты. Бұл ретте жұмыс берушілер ұсынған орындардың тең жартысы – жұмысшы мамандықтары.

Дегенмен, жұмыс іздеген азаматтардың басым бөлігі бұдан әлдеқайда жоғары жалақыға үміттенеді. Ал ең жоғары айлықты дәстүрлі түрде тау-кен өндіру және көлік саласындағы мамандарға ұсынады.

Мәселен, штурман, бұрғылау машинисі және басқарушы құрамдағы қызметкерлердің жалақысы 700-900 мың теңгеден басталады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика