Қазақстан Конституциясы 84%-ға өзгереді: Елді қандай жаңашылдық күтіп тұр?

Қазақстанның Негізгі Заңына ауқымды өзгерістер енгізіліп, мәтінінің 84%-ы жаңартылуда. Бұл туралы Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшелеріне түзетулердің жиынтық жобасын таныстырған Нұрмұхановтың айтуынша, Конституцияның 77 бабына өзгеріс енгізілген. Бұл – Негізгі Заң мәтінінің басым бөлігі.

Жаңа құжат жобасын әзірлеуге қарапайым азаматтар, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілген. Жаңартылған Конституция Преамбуладан, 11 бөлімнен және 104 баптан тұрады.

Құжатқа «Халық кеңесі» және «Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу» атты екі жаңа бөлім қосылды, сондай-ақ бұрынғы төрт бөлімнің атауы өзгертілді.

Ең маңызды жаңашылдықтардың қатарында бірпалаталы парламентке көшу, азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысуын кеңейту, құқық қорғау тетіктерін күшейту және заң үстемдігін қамтамасыз етуде Конституциялық соттың рөлін арттыру шаралары бар.

Фото: gov.kz

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика