Аяз күшейді: Ақмола облысында 6 республикалық жолда қозғалыс шектелді

Ақмола облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты бірнеше республикалық маңызы бар тасжолда көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның мәліметінше, кешкі сағат 21:00-ден бастап дизель отынымен жүретін және қоғамдық көліктер үшін төмендегі жол учаскелері жабық:

  • «Көкшетау – Рузаевка» (0-61 км) – Көкшетау қаласынан СҚО шекарасына дейінгі аралық;
  • «Көкшетау – Кішкенеқөл» (2-50 км) – Көкшетау қаласынан СҚО шекарасына дейінгі аралық;
  • «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» (232-260 км) – Қостанай облысының шекарасынан Сұрған кентіне дейінгі аралық;
  • «Жезқазған – Петропавл» (377-595 км) – СҚО шекарасынан Қостанай облысының шекарасына дейінгі аралық;
  • «Астана – Петропавл» (304-341 км) – Көкшетау қаласынан СҚО шекарасына дейінгі аралық;
  • «Жақсы – Рузаевка» (856-917 км) – СҚО шекарасынан Жақсы кентіне дейінгі аралық.

Компания өкілдері жүргізушілерге жол жағдайының өзгерісін мұқият қадағалап, алыс сапарлардан бас тартуға кеңес береді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика