Балқаш көліндегі Бертіс шығанағынан ұзындығы 6 шақырым болатын браконьерлік ау тартып алынды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Орман және жануарлар дүниесін қорғау шаруашылығының мамандары қорықшымен бірлесіп, көл аумағына арнайы тексеріс жүргізген.
«Су айдынын тексеру барысында судан 6 шақырымға жуық балық аулау торы шығарылды. Олар көлдің су биоресурстары мен экожүйесіне орасан зор залал келтірген», — делінген ресми хабарламада.
Ведомство өкілдері көлдегі заңсыз кәсіпшілікті тоқтату жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.
Фото: Әлеуметтік желіден
