Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылы төленетін орташа зейнетақы мөлшерін жариялады. Келесі жылы еліміздегі жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 143 143 теңгені құрайды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Ведомствоның мәліметінше, бұл сома екі негізгі бөліктен тұрады: ынтымақты зейнетақы – 95 549 теңге, ал базалық зейнетақы – 47 594 теңге.
Жыл соңындағы есеп бойынша, Қазақстандағы зейнеткерлердің жалпы саны 2,5 миллион адамға жеткен. Оларға зейнетақы төлеу үшін республикалық бюджеттен 4,5 триллион теңге жұмсалды. Бұл қаражаттың 1,4 трлн теңгесі базалық зейнетақыға, ал қалған 2,9 трлн теңгесі ынтымақты зейнетақы төлемдеріне бағытталды.
Сонымен қатар, министрлік 2026 жылы бюджеттен төленетін зейнетақы мөлшерін 10%-ға арттыруды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
Фото: Әлеуметтік желіден
