Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трамптың ұсынған жаһандық бастамасына қосылды. Мемлекет басшысы халықаралық Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Ресми құжатқа қол қою рәсіміне Қазақстанмен қатар әлемнің тағы 18 елінің басшылары мен жоғары лауазымды өкілдері қатысты. Бұл қадам Қазақстанның халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған күш-жігерге белсенді атсалысатынын көрсетеді.
Аталған кеңес жаһандық сын-қатерлерге бірлесе жауап беру және әлемдегі тұрақтылықты сақтау мақсатында құрылған. Қазақстанның бұл бастамаға қосылуы елдің сыртқы саясаттағы бейбітсүйгіш ұстанымын айқындай түседі.
Фото: Ақорда
