Фото: ФК «Аль-Наср»
Португалия ұлттық құрамасының және Аль-Наср клубының шабуылшысы Криштиану Роналду кәсіби мансабындағы 960-шы голын соқты. Бұл туралы Qazaqtoday.info ақпарат порталы хабарлады.
Сауд Арабиясы Премьер-лигасының 17-турында «Аль-Наср» мен Дамак командалары кездесті. Ойынның 50-минутында Роналду қарсылас қақпасын дәл көздеп, есеп ашты.
Осылайша тәжірибелі футболшы мансабындағы голдар санын 960-қа жеткізді. Қазіргі таңда Криштиану Роналду кәсіби жолында 1000 голдық межеге жақындауды жалғастырып келеді.
