Қазақстандық белгілі волейболшы Сабина Алтынбекова әлеуметтік желідегі жазбасында кәсіби спортта денсаулыққа тұрақты түрде көңіл бөлудің маңызын сөз етті. Бұл туралы Qazaqtoday.info ақпарат порталы хабарлайды.
Спортшының айтуынша, жоғары жетістікке жету тек жүйелі жаттығу мен қатаң тәртіпке ғана емес, сонымен қатар ішкі эмоционалдық тұрақтылық пен ағзаның жалпы жағдайына тікелей байланысты.
«Кәсіби спортта өз денсаулығыңды және эмоционалдық күйіңді бақылау аса маңызды. Тәртіп, еңбек және ішкі жағдайыңа, денсаулығыңа мұқият қарау – табысқа апарар жол», – деп жазды ол.
Сабина Алтынбекова соңғы бір жыл көлемінде клиникада тұрақты тексеруден өтіп жүргенін де атап өтті. Оның сөзінше, осы уақыт аралығында ағзадағы барлық қажетті көрсеткіштер қалыпқа келіп, жалпы жағдайы едәуір жақсарған.
«Бір жылдан бері клиникада чек-аптан өтіп келемін. Осы кезеңде барлық дефициттер қалпына келтірілді, энергиям артып, көңіл күйім жақсарды. Ең бастысы – бұрын ойындар мен жаттығулар кезінде жиі мазалаған бас ауруы мен мигрень ұстамалары қайта болмады», – деді волейболшы.
Сондай-ақ спортшы емдеу процесінің экологиялық таза әрі ағзаға зиянсыз әдістер арқылы жүргізілгенін ерекше атап өтті.
