Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Қаскелең қаласында 9-сынып оқушысы мектепте кенеттен қайтыс болды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Қайғылы оқиға Сәтбаев атындағы орта мектепте болған. Білім бөлімінің мәліметінше, оқушы бірінші сабақтан кейінгі үзіліс кезінде өзін жайсыз сезінген.
15 жастағы жасөспірімнің жағдайы кенет нашарлаған соң, мектеп әкімшілігі дереу жедел жәрдем шақырған. Алайда дәрігерлер келгенше оқушы оқиға орнында көз жұмған.
«Қазіргі уақытта құзырлы органдар тексеру және тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Оқушының денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді», — деп хабарлады білім бөлімі.
Фото: Әлеуметтік желіден
