Қазақстанда деректерді таратқандар енді түрмеге отыруы мүмкін: Заң қатаяды

Қазақстанда жеке деректерді заңсыз таратқандарға қатысты жаза қатаңдатылмақ. Енді ірі көлемде айыппұл салумен қатар, қылмыстық жауапкершілік те қарастырылуда, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Мәселен, азаматтардың жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН), телефон нөмірін, мекенжайын және басқа да құпия ақпаратын қамтитын базаны жариялағандарға салынатын айыппұл мөлшері 5000 АЕК-ке дейін өсуі мүмкін. Бұл шамамен 21,6 миллион теңгені құрайды.

Бұдан бөлек, егер жеке деректер жаппай таратылса, бұл енді заңды өрескел бұзу деп танылып, арнайы қылмыстық бап енгізілуі ықтимал. Бұл өзгерістер азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылықты қамтамасыз етуге бағытталған.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика