Алматылық «Қайрат» футзалдан Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі кезекті ойында бельгиялық «Брюгге» командасынан ойсырай жеңілді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Жетінші тур аясында өткен кездесуде қонақтар бірінші таймда-ақ ойын тізгінін толықтай өз қолына алды. Есеп 32-минутта ашылды: қақпашы Темірлан Анарбеков қақпадан шығып, допты сәтсіз қайтарған сәтте, қайтқан допқа бірінші жеткен Александар Станкович оны бос қалған қақпаға тоғытты.
Араға алты минут салып, 38-минутта бельгиялықтар басымдығын арттырды. Ханс Ванакен шабуылды жақын қашықтықтан жасалған соққымен нәтижелі аяқтап, есепті 0:2-ге жеткізді.
Екінші таймда да «Брюгге» шабуылын тоқтатпады. 74-минутта Ромео Верман есепті іріге жеткізсе, он минуттан кейін Брэндон Мехеле матчтағы төртінші голды соғып, бельгиялықтарды алға шығарды.
Алматылықтар ойын соңында бір голмен жауап қайтара алды. 90+2 минутта ойынға қосалқы құрамнан қосылған Әділет Сәдібеков қорғаныстан қайтқан допты тосып алып, айып алаңының сызығынан дәл соққы жасады. Нәтижесінде кездесу 1:4 есебімен аяқталды.
Бұл гол «Қайрат» үшін Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде өз алаңында соққан алғашқы тарихи голы ретінде тіркелді. Айта кетейік, бұл алматылықтардың аталған турнирдегі өз алаңындағы соңғы кездесуі еді. Сегізінші турда команда сырт алаңда лондондық «Арсеналмен» ойнайды. Матч 28-нен 29-қаңтарға қараған түні өтеді.
Осы ойыннан кейін бір ұпайы бар «Қайрат» турнир кестесінде соңғы, 36-орында тұр.
Фото: Vesti.kz/Алимжан Аманжол
