Фото: bagdat.ashimova парақшасынан
Қазақ өнерінің абызы, белгілі актер, марқұм Асанәлі Әшімовтің жары Бағдат Әшімова ұлы Асанәлінің кәмелет жасына толғанын атап өтіп, жүрекжарды аналық тілегін жеткізді. Бұл туралы Qazaqtoday.info ақпарат порталы хабарлады.
Өнер иесінің жары әлеуметтік желідегі парақшасында ұлының 18 жасқа толғанын жазып, марқұм әкесін сағынышпен еске алды.
“Асылымның тұяғы, әкесінің ізбасары, кіші Асекең бүгін 18 жас – кәмелетке толды. Балапаным, өмір жасың ұзақ болсын. Алланың назарында бол, балам. Асқар тау әкең сенің жігіт болғаныңа, ат жалын тартып мінгеніңді аңсайтын… Армандарың орындалсын. Әкеңнің әруағы әрдайым қолдасын”, – деп жазды Бағдат Әшімова.
Желі қолданушылары жас жігітке ізгі тілектерін арнап, марқұм актердің рухына тағзым етті.
