Фото: Pixabay
Қайғылы оқиға Шымкент қаласының Абай ауданындағы Ынтымақ-2 шағынауданында тіркелді. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап, Qazaqtoday.info ақпарат порталы хабарлады.
Алдын ала мәліметке сәйкес, тұрғын үй ішінде жиналған газға сіріңке жағылуы салдарынан газ-ауа қоспасы тұтанып, жарылыс болған.
«Оқиға орнына жеткенге дейін газ-ауа қоспасының жарылысы орын алғаны анықталды. Соның салдарынан үш адам күйік жарақатын алып, медициналық мекемеге жеткізілді», – деп мәлімдеді департамент өкілдері.
Алайда алған ауыр жарақаттарының салдарынан 30 жастағы ер адам ауруханада көз жұмды.
