Петропавл: 25 грамм есірткімен ұсталған азаматты 12 жыл түрме күтіп тұр

Петропавлда синтетикалық есірткі саудасымен айналысқан 33 жастағы қала тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Полиция қызметкерлері күдіктіні қаладағы №3 аурухана маңында қылмыс үстінде қолға түсірген. Тексеру кезінде оның жанынан 22 түйіншек есірткі табылды. Кейінірек күдіктінің өз жауабы арқылы тағы үш түйіншек жасырын қоймадан тәркіленді.

Сот-химиялық сараптама тәркіленген заттың жалпы салмағы 25 грамды құрайтын аса қауіпті α-PVP психотроптық заты екенін растады.

Тергеу барысында күдіктінің бұл заңсыз «бизнеспен» өткен жылдың қараша айынан бері айналысқаны белгілі болды. Енді ол оңай олжаның орнына қатаң жазаға тартылады. Аса ірі мөлшерде есірткі саудалағаны үшін оны 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика