Қазақстанда ауа райының күрт нашарлауына байланысты кешкі сағат 19:00-ден бастап бес облыстағы республикалық жолдарда қозғалыс шектелді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Кейбір учаскелерде дизельді көліктер мен рейстік автобустардың жүруіне тыйым салынса, Қарағанды облысында жол барлық көлік түрі үшін толығымен жабылды.
Павлодар облысы: Астана, Қарағанды, Абай облысы және Ресей Федерациясының шекарасына қарайтын негізгі бағыттарда дизельді және қоғамдық көліктердің жүруіне рұқсат жоқ.
Абай облысы: Семей, Қалбатау, Аягөз тасжолдарында, сондай-ақ ШҚО мен Ресей бағытында автобустар мен дизельді көліктерге шектеу қойылды.
Қарағанды облысы: Павлодар және Абай облыстарына апаратын жол учаскелерінде көліктің барлық түрі үшін қозғалыс тоқтатылды.
Жетісу облысы: «Үшарал – Абай облысының шекарасы» учаскесінде автобустар мен дизельді көліктер жүре алмайды.
Ақмола облысы: «Астана – Павлодар» тасжолында автобустар мен дизельді көліктер үшін шектеу енгізілді.
Барлық учаскедегі жолдар 18 қаңтар күні таңғы сағат 9:00-де ашылады деп жоспарланып отыр.
