Қызылорда облысында Қазалы аудандық сотының төрағасы Дәурен Әбдіқалықов ірі көлемде пара алды деген күдікпен қолға түсті, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Оны Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері арнайы операция барысында ұстаған. Сот төрағасы сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасады деп айыпталып отыр.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, сот төрағасы 2024 жылы сотталушының жазасын жеңілдету мақсатында оның туыстарынан 6 миллион теңге алған. Осы ақшаның арқасында қылмыскер шартты жазаға кесілген.
Алайда, бұл соңғы пара болмаған. Араға біраз уақыт салып, сотталушы мерзімінен бұрын босап шығу үшін Әбдіқалықовқа тағы 300 мың теңге бергені анықталды.
Фото: Әлеуметтік желіден
