Трамп Иранға соққы жасаудан бас тартты: «Мені ешкім көндірген жоқ»

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға әскери соққы жасау шешімінен не себепті бас тартқанын түсіндірді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, бұл шешімді қабылдауға ешкім ықпал етпеген, ол мұндай қадамға өз еркімен барған. Трамп Иран билігінің 800-ден астам адамға қатысты өлім жазасын тоқтатқаны оған қатты әсер еткенін мәлімдеді.

«Бұл шешімге келуіме ешкім мәжбүрлеген жоқ. Мен өзімді-өзім көндірдім. Олар кеше 800-ден астам адамды дарға асуды жоспарлаған, бірақ ешкімді аспады. Олар жазаны тоқтатты. Бұл маған қатты әсер етті», — деді АҚШ президенті.

Сонымен қатар журналистер Трамптан Ирандағы наразылық білдірушілерге «көмек жолда» деп берген уәдесінің әлі де күшінде ме деп сұрады. Алайда президент бұл сұраққа нақты жауап беруден жалтарып, қысқа қайырды.

«Көре жатармыз», — деді ол.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика